Атасу кенті, Абая көшесі, 37
2-81-08, 2-92-14
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 129
жақсы - 25
жаман - 20
жауап беруге қиналамын - 20
жай ғана - 19
Барлығы дауыс берді: 213
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бір жылда31836
Бір айда1298
Бір аптада305
Кеше22
Тәулік20

         Аудан орталығындағы №132 орта мектебінің іргетасы 1937 жылы қаланған. Бұл білім ұясы алғашқыда 4 жылдық бастауыш мектеп ретінде ашылған.

         1947 жылы №69 жеті жылдық мектеп,

         1951 жылы №160 орта мектебі болып қайта құрылған.

         №282 КСРО министрлер кабинетінің қаулысымен ЦТЖ/темір жол/ бағынышында:18.04.1977 жылдан бастап мектептке 132 реттік саны берілген. №532  МПС бұйрығымен Алматы ТЖ бағынышында 1.03.1979 жылдан №77 орта мектебі.

        Алматы ТЖ дан ЦТЖ ға берілуіне байланысты 20.10.1982жылдан №132.

         Мектептің ашылуы Жарық-Жезқазған темір жолының салынуына тікелей байланысты. Ол теміржолшылардың балаларын оқыту мақсатымен ашылған.

        Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1996 жылдың қаңтарындағы №32 қаулысымен 1997 жылы наурыз айында Тың теміржолының оқу бөлімі мектепті Жаңаарқа аудандық білім бөлімі қарамағына берді. Қосымша құрылыстар салу арқылы мектеп типтендірілді. Оқу үрдісі  қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.Әр жылдары мектеп директоры болып қызмет атқарғандар: Ужегов Михаил Андреевич, Павленко Лидия Андреевна, Фоменко Мария Даниловна, Кучеренко Алла Сергеевна, Хасенов Кәрім Хасенұлы, Гурова Таисия Михайловна, Зуева Анна Андреевна, Смаилов Қуаныш Мугдиевич, Сарбасов Қуаныш Сарбасұлы, Жетібаев Жетпісбай Қырғызбайұлы.

   2009жылдан мектеп директоры Бибосынов Сұлтан Сексенбайұлы.

    Ұзақ жылдар мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары болғандар - Фоменко Мария Даниловна, Ломакин Николай Иванович, Нестерова Вера Александровна және Өскембекова Алтын Жұматайқызы.

     Саналы ғұмырының бар маңызы мен мағынасын келешек буынның шынайы білім алып шығу жолына арнап, адал еңбек сіңіріп, сол салаға күш жігерін жұмсап келген ардагерлер ,оқу –ағарту ісінің үздіктері:

Рүстембекова Манаш Мұқанқызы,

Ерденова Зәкия Мүсәлімқызы,

Қазниязова Несіп Қажмағанбетқызы,

Семенова Надежда Васильевна,

Қазкеев Дулат Төкенұлы.

Бүгінде өздері жоқ болса да шәкірттерінің аузында жүрген Подковырин Геннадий Васильевич, Зуберко Алла Афанасьевна, Тронь Тамара  Григорьевна,  Оборонко Полина Гавриловна, Телепень Зинаида Михайловна, Носова Надежда Ивановна.Осы ұстаздардан білім алып,  қазіргі күні ардагер ұстаздар атанған мектептің 1956 жылғы түлегі, Қаз ССР, СССР- дің оқу-ағарту ісінің үздігі, мұғалім-әдіскер Қаламқас Сембекова , Білім беру ісінің үздігі Көпжасарова Қоңырша, Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері Марат Сағымбеков.

 

Мектептің зейнеткерлікке шыққан  және тәжірибелі ұстаздары -Қ.М. Смаилов,

Д.Т. Қазкеев, А.Ж. Өскембекова, Н.В. Семенова, Г.Ж. Түсіпбекова, Н.Н. Емцева,

Н.Н. Хасенова, Н.В. Зайченко, Г.Қ. Бабасова, Г.К. Қаңтарбаева, Ш.У. Сейдуалина,

М.Е. Ташмағамбетова, Ә.А. Кесікбаева, Қ.Б.Шыңғысбаева, Ж.Т.Дүйсенова,

 АлашбаеваБ.Ә.Б.М.Мырзаханова,Б.А.Смағұлов,С.Д.Заманова,В.В.Довбич, Н.И.Абдуллаева,  А.П.Букебаева,М.Т.Блялова, Н.В. Валанчус,Ғ.С. Унгалбаева,

 Н.М. Нагманова.

Ұйым жаңалықтары