Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 175
жаман - 36
жай ғана - 28
жақсы - 25
жауап беруге қиналамын - 21
Барлығы дауыс берді: 285
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бір жылда26673
Бір айда1176
Бір аптада212
Кеше42
Тәулік11
Мектепке жол

С. Сейфуллин атындағы ЖОББ мектебі

2019 жылғы 3 шілде - 30 қыркүйек аралығында «Жүректен жүрекке» ұранымен  өтетін «Мектепке жол»  республикалық акциясының есебі

 

«Білім туралы заңның» орындалу. «Мектепке жол» акциясының қорытындысы

  2019 жылғы 3 шілде - 30 қыркүйек аралығында күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсету үшін «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Ағымдағы жылы акция «Жүректен жүрекке!» ұранымен өтті. Шілде айының басында Жаңаарқа ауданының С. Сейфуллин атындағы ЖОББ  мектеп әкімшілігімен бірлесіп «Мектепке жол» акциясы негізінде атқарылатын іс-шаралар жоспары құрылып, бұйрық шығарылды.  «Жүректен жүрекке!»  атты ақпараттық стенд жасалынып, ілінді.

 

 Ал 1-4 сыныптар арасында қайырымдылық, жақсылық жасауға қатысты сынып сағаттары өткізілді. Атап айтсақ, 4 «Б» сыныбында әлеуметтік педагог Картаева Айдананың  ұйымдастыруымен «Жақсылықпен жаным дос» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты:адамдарға жақсылық жасау, әлсіз, сырқат, жәбір көрген адамдарға қатысты мейірімділік, жанашырлық көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту-барлық азаматтың борышы.

  Жоспар бойынша көп балалы, аз қамтылған, толық емес, қамқорлықтағы балалары бар отбасыларына рейд жасалынды. Рейд барысында көмек қажет ететін отбасылары анықталып, ата-аналар тарапынан өтініштер түсті. Тұрмысы аз қамтылған, жетім, ата-анасының қамқорынсыз қалған  және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету үшін акцияға қатысуға демеушілерге арнайы ақпараттық парақтары таратылды.  Ауданымыздың белсенді жеке кәсіпкерлері Тлеуханова Айман, Адамов Исатай, Бекеева Меруерт, Даулетова Ж. К, Сүлтанова Алуа , Жалгабекова Алма көмек қолдарын созды. Аз қамтылған, көп балалы және қамқорлықтағы оқушыларға материалдық көмек көрсетті. Балаларға үлестіріп, өлшемдеріне қарай берілді. Оқу  құралдары және 450000тг көлемінде қысқы куртка, етік, спорттық киім, рюкзак, спорттық аяқ киімдер берілді. Әр он күн сайын Білім Басқармасына акцияның іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы цифрлық ақпарат беріліп отырды.