Атасу кенті, Қазақстанның 40 жылдығы көшесі, 61
2-81-29, 2-71-73
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 141
жақсы - 25
жай ғана - 25
жаман - 23
жауап беруге қиналамын - 20
Барлығы дауыс берді: 234
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бір жылда30457
Бір айда2645
Бір аптада412
Кеше17
Тәулік21
Көңілді жаз - 2019

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

«Қауіпсіз каникул – 2019»

 

 

Құрметті ата-аналар! Сіздер білесіздер ме? Барлық құқықбұзушылықтың 55%-дан астамы жазғы каникул кезінде жасөспірімдермен жасалады. Жасөспірімдердің қайғылы оқиғаға ұшырауы да негізінен жазғы каникул кездерінде болады. Сондықтан, жазғы каникул кезінде балалардың қауіпсіздігі мен қамтылуын қамтамасыз ету аса маңызды.   

«Баламен бірге жазғы демалыста»

Жаз - жылдың керемет мезгілі. Отбасылық демалыс – бұл өз балаңызға ең көп уақыт бөлетін кезіңіз. Бұл көптен күткен ерекше оқиғаны Сіздің балаңыз жыл бойы аңсап келді.

Жазда балалардың жазғы лагерге шығуына, туыстарға баруға, өзенге шомылып, орманда қыдыруға тамаша мүмкіндіктер туады.

Шақырайған күннің көзі, суық су, жәндіктер, тез бұзылатын тағамдар сияқты әр түрлі қауіп-қатерлер де жоқ емес.

Балалар үшін жазда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ең алдымен - ата-ананың міндеті. Егер сіз жазда демалысқа жіберетін болсаңыз – онымен суда, күн көзінде, жолда, орманда, тауда жүрудің ережелері туралы әңгімелескеніңіз жөн.           

Демалыс сізге және балаңызға тек қуаныш әкелуі үшін бірнеше ережелерді сақтау керек:

üЕгер сіз балаңызбен айналысуға шешім қабылдасаңыз, есіңізде болсын, бұл іс-әрекеттеріңіз қысқа болуы тиіс, әрі оларды таңғы уақытта өткізген абзал. Сіздің міндетіңіз балаңыздың білімі мен өз тәжірибеңізді ұштастыра отырып, оның таным көкжиегін кеңейту. 

üБалаңызды теледидар мен компьютерден алшақ ұстауға бар күшіңізді салыңыз, барлық бос уақыттарыңызды таза ауада өткізіңіздер, велосипед, самокат, роликтер тебіңіздер, футбол ойнаңыздар. Жаз – бұл бала денсаулығын нығайтудың жолы және оның келесі оқу жылындағы денсаулығы жазда қалай демалуына байланысты болады. 

üКүн тәртібін сақтауға тырысыңыз, әйтпесе қыркүйекте оған қайтып келу қиынға түседі. Ұйқының қанбауы неврозды дамытады, шаршау жиілейді. Баланың ұйқысы күніне 10 сағаттан кем болмауы тиіс.

Жолда абай бол!

Жолдағы қауіпсіздік – бұл ата-аналар немесе қамқоршылардан үлкен жауапкершілікті талап ететін міндет, бұл қауіпсіздікті елеусіз қалдыруға болмайды.

Өткен жылы жазғы уақытта балалар мен жасөспірімдердің кінәсінен тіркелген жол-көлік оқиғалары 30%-ды құраған. Бүгінгі күнге дейін 7 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде 2 жол-көлік оқиғасы балалардың қатысуымен болса, оның біреуінде – жарақаттанған, ал екіншісінде – қайтыс болған. Әрбір баланың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету барлығымыздың, оның ішінде ата-ана – Сіздің де басты міндетіңіз болып табылады. 

Балаңыздың бойында жолда, көшеде тәртіпті, ұқыпты, сақ және байқампаз болуға деген қажеттілікті тәрбиелеуге тырысыңыз.

Балаға жаяулар үшін де, көлік жүргізушілері үшін де ережелер бар екендігін үнемі ескертіп отырыңыз.

Балаға көшеде қараумен бірге көшеде естуді де үйретіңіз: баланың жақындап қалған көлікті естімеуінен болған қайғылы оқиғалар көп болғанын есіңізде ұстаңыз. 

Балаға қарауды үйретіңіз. Балада қатаң дағды қалыптасуы тиіс: жаяу жүргіншілер жолынан шығар алдында алға қадам жасамас бұрын басын оңға, солға бұрып жан-жағын, жолдың барлық бағыттарын қарайды. Бұл балада автоматизмге дейін үйретілген болуы тиіс.

Өзіңіз де қатаң есіңізде сақтаңыз және балаңызға да үйретіңіз: кез келген көлік түріне міну үшін де, одан шығу үшін де көлік толық тоқтауы керек. Жүріп келе жатқан көліктен неліктен секіріп түсуге болмайтынын түсіндіріңіз.

Балалардың жолда бағдарлануына, жолда сақ және мұқият болуға үйретіңіз, ешқашан жақын келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтуге болмайды, жаяу жүргіншілердің жол қиылыстарында, жолды жаяу кесіп өтерде немесе жолдардың түйіскен жерлерінде құлаққапты алу керек. 

Егер сіздің балаңыз жол көлік оқиғасының қатысушысы, куәгері болған жағдайда психолог маманның кеңесіне жүгініңіз. Психолог қорқыныш пен үрейді жеңуге көмектеседі.

Су қоймаларының жанында абай болыңыз!

Су қоймаларында балалардың қайғылы жағдайларға ұшырауын талдау бойынша суға батқан жасөпірімдердің 50%-ы баланың суға батып бара жатқанын уақытында байқай алмаған ата-аналарымен бірге жүрген болса, қалған жартысы ересектердің қарауынсыз жүрген балалар болып шыққан. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!Су қоймаларының маңайында жалғыз серуендеуге рұқсат бермеңіздер. Суда балалармен бірге серуендеу кезінде оларды қарап отырыңыз, әсіресе, суға шомылу кезінде жалғыз қалдырмаңыздар. Тіпті суы таяз жерде де олармен бірге болыңыздар. Сырғанауға арналмаған заттармен сырғанақ тебуге жол бермеңіз. Сақ болыңыздар, балаларға көмек керек болып жатса, оған немқұрайлы қарамаңыздар.      

Келеңсіз оқиғалардың алдын алу үшін бірнеше қағидаларды есте сақтаған жөн:

1.    Демалыс орындарын, судың тереңдігін,су түбінде тырбиған ағаш, балдыр немесе балшық жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Таныс су қоймаларының арналары мен түбі жыл сайын өзгеріп тұруы мүмкін.

2.    Суға шомылып жүрген балаларды ересектер үнемі бақылауда ұстауы тиіс.

Егер ересек балалар өз беттерімен шомылуға кетіп бара жатса, құтқарушы мен медбике посты бар жағажайларға баруын қадағалаңыздар. Балаларға жүзуді үйретіңіз, сонымен қатар әр түрлі төтенше қиын жағдайлардағы жүріс-тұрыс ережелерін де үйретіңіз.

СУДАДЕМАЛА ЖҮРІП, ЖАҒАДА НЕМЕСЕ СУДЫҢ ІШІНДЕ ТӨНЕТІН ҚАУІП-ҚАТЕР БАР ЕКЕНДІГІН ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ.

ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАУ–СУ ҚОЙМАЛАРЫНДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ ШАРТЫ.

Баланың ғаламтордағы қауіпсіздігі!

Қазіргі уақытта Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мен шынайы өмірдегі қауіпсіздік ережелері өзара тығыз байланысты!

Баланың қалыпты дамуына нәсілге бөлінуші және экстремистік сайттар, есірткілер, порнография және т.с.с. туралы ашық ақпараттар қауіп төндіреді. Ғаламтор қойнауы адамгершілік құндылықтармен қатар, қаржылық – зиянды бағдарламалар: құрттар, вирустар, «қоңырау шалулар» тәрізді қауіптерге душар етуде. 

Өз балаларыңыздың Ғаламтор желісінде еркін жүзуіне жол жібермеңіздер: Ғаламторға қол жеткізуді бақылау қажет, тыйым салынған сайттарға шығуды, экстремизм, деструктивті діни ағымдар, құмар ойындар, нашақорлық және т.б. насихаттаушы қауіпті ресурстарды шектеу керек. Компьютердің, планшеттер мен смартфондардың браузерлеріндегі сайттарға кіру тарихын үнемі қадағалап қарап отыруға кеңес береміз, әсіресе, Сіздің балаңыз тіркелгенYouTube каналына назар аударыңыздар.

Сіздің балаңыздың «Facebook», «Вконтакте», «Одноклассники», «Мой мир» әлеуметтік желілеріндегі виртуалды достарына назар аударыңыздар. 

Қаперіңізде жүрсін.Балалар қандай сайттарды пайдаланатынын білу маңызды. Тәртіпті қадағалап отыратын модераторлары бар сайттарды пайдаланған дұрыс. Көптеген чаттар мен форумдарда бейресми түрде қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бар. Балаңыздың бейресми түрде таныс емес адамдармен қарым-қатынас жасамауын талап етіңіз.   

Құрметті ата-аналар, тыйым салынған сайттарды пайдалануды шектеу мен тыйым салу бойынша шараларды іске асырыңыз, жеке компьютерлерге, ноутбуктер, планшеттер мен смаортфондарға «Ата-ана бақылауы» сервисін қоюға кеңес береміз. 

Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қорғаңыздар!

Сіздің балаңыздың үйде және көшедегі қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар. Күн сайын балаңызға қайталап айтып отырыңыз:

1.    Өз үйінен, ауласына алыстап кетпесін.

2.    Көшедегі бейтаныс адамдардың қолынан ештеңе алмасын. Бірден бөлектеу кетіп қалсын.

3.    Танымайтын адамдарға есік ашпасын.

АТА-АНАЛАРҒА ЖАДЫНАМА

Жаз- жаңа оқу жылына дайындалу уақыты!Балаңызды жаңа оқу жылына қажетті мектеп киімімен, оқу құралдарымен, оқулықтарымен алдын-ала қамтамасыз етіңіз.

          Мектеп  формасы

          Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрінің 2016 жылғы «14» қаңтарда № 26 бұйрығымен Орта білім беру ұйымдарында  міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілді.

          Жоғарыда аталған Талаптар білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған.

  2. Орта білім беру ұйымдарындағыміндетті мектеп формасына қойылатын талаптар

5. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы  (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының  үлгісі,түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі.Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады. 

7. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.

  3.Орта білім беру ұйымдарындаміндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау

23. Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға қатысады және оны жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді, оны кез келген сауда желісінен сатып алады.

25. Басшы ағымдағы жылғы 25 мамырға дейін мектеп формасының бекітілуін қамтамасыз етеді.

       Құрметті ата-аналар, сіздерден өтініп сұрайынымыз сынып жетекшісіне жазғы каникул кезінде балаңыздың демалысы және болатын орны туралы ақпарат, сонымен қатар жазғы демалыс кезінде балаңыздың өмірі мен денсаулығына жауапкершілігіңіз туралы қолхат қалдырып кетіңіз.

Сізге каникулдың басталуына дейін мектеп келесі ақпаратты беруі тиіс:

- Сіздің балаңызға жаңа оқу жылында қажетті оқулықтардың тізімі, қажет болған жағдайда жетіспейтін оқулықтардың тізімі;

- пәндер бойынша жазға берілген тапсырмалар;

- Сіздің мектебіңіз үшін жаңа оқу жылына бекітілген мектеп формасына қойылатын талаптар.

Жаз-баланы жан-жақты дамытуға қолайлы мүмкіндіктер уақыты, сондықтан бұл мүмкіндікті жіберіп алмау аса маңызды!

Сіздерге жақсы және толыққанды демалыс тілейміз, құрметпен Қарағанды облысының білім басқармасы.