Атасу кенті, Қазақстанның 40 жылдығы көшесі, 61
2-81-29, 2-71-73
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 141
жақсы - 25
жай ғана - 25
жаман - 23
жауап беруге қиналамын - 20
Барлығы дауыс берді: 234
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бір жылда30460
Бір айда2648
Бір аптада415
Кеше17
Тәулік24
Адалдық дүкені - Тәрбие мекені

Биылғы жылдың ақпан айында еліміздің барлық мектептерінде "Адалдық алаңы" жобасы бастау алды.

Жобаның басты мақсаты - жағымды моральдік қасиеттер, ішкі парасаттылық және адалдыққа тәрбиелеу арқылы жалпы сыбайлас жемқорлықты қабылдамау және оның көріністеріне қарсы күшті қалыптастыру болып табылады.

О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ базасындағы Тірек мектебінде де осы жоба аясында "Адалдық дүкені" ашылды. 

Дүкеннің тұжырымдамасы өзіне-өзі қызмет көрсетуге негізделген, онда сатып алушы (оқушы, педагог, ата-ана) өзіне қажет затты таңдап алып, белгіленген прейскурант бойынша алынған тауар үшін өз бетімен есебін жүргізіп, кассаға ақысын төлеп, қажет болған жағдайда кассадан ақшасының қайтарымын алады. Сатып алу - сату сатушысыз жүргізіледі.Осы жерден түскен барлық ақша әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына, науқас және мүгедек балаларға жіберіліп, немесе осы жобаны әрі қарай жалғастырып, сонымен адамгершілікке және кез-келген алдаушылыққа, өтірікке, төзбеушілікке тәрбиелеуге болады.

Жобаның негіздемесі - қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп енгізіп және азаматтарға өздерін жақсы да, адал адам ретінде сезіну мүмкіндігін береді.