Қызылжар станциясы
5-11-25
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 132
жақсы - 25
жаман - 23
жауап беруге қиналамын - 20
жай ғана - 19
Барлығы дауыс берді: 219
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бір жылда28146
Бір айда1727
Бір аптада245
Кеше59
Тәулік1
Қарттар күні
03-10-2019 09:52
Қарттар күні

Дүниеге келер бір рет,

Дария кеуде тау мүсін 

Құрыштан құйған құдірет

Қарттарым аман-саумысың деп ақын ағаларымыз жырлағандай қашанда төрімізден қарттарымыз кетпеген халықпыз. Халықаралық қарттар күні мерекесіне "Қарты бар ел-қазыналы ел" атты 5а сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі: Қасенова Ардақ Борашқызы. Тәрбие сағатына ауылдың қазыналы қарттары шақырылып, құрмет көрсетіліп, ақ дастархан жайылып, оқушылар өнерлерін ортаға салды. Уақбаева Камила мен Әбсамат Ақгүл "Шашу" биімен ашып, мектеп басшысы Жайлаубаев Дүйсенбай Соқабайұлы құттықтау сөз сөйлеп, оқушылар ән-биден шашу шашып, көркем сөзбен, рөлдік көріністер қойып ата-апалардың ыстық ықыластарына бөленді. Ауылымыздың ақжаулықты әжесі Седмет әже балаларға арнайы дайындап әкелген тәттілерін үлестіріп, балаларға алғыс білдірді. Қажы әжеміз Сайлаубике әже бата беріп, қорытынды сөз тәрбие ісінің меңгерушісі Каденова Гүлім Ошақбайқызы қорытындылап, ата-әжелерге ыстық лебізін айтып, оқушыларға ризашылығын білдірді.