Атасу кенті, Абай көшесі, 23
5-06-67, 2-64-34
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Сіз қалай біздің ұйымның жұмыс нәтижелерін бағалайсыз?
дауыс беру
өте жақсы - 175
жаман - 36
жай ғана - 28
жақсы - 25
жауап беруге қиналамын - 21
Барлығы дауыс берді: 285
нәтижені қарау
Сайтқа кіру статистикасы
Бір жылда26662
Бір айда1165
Бір аптада201
Кеше42
Ел тірегі -Елбасы
29-11-2019 17:04
Ел тірегі -Елбасы

29 қараша күні 5-11 сыныптар  арасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күнін мерекелеу мақсатында «Заманауи Қазақстан. Елбасының  көшбасшылығы сабақтары» атты бірыңғай ашық сабақтар өткізілді. Сабақтарға қатысуға қонақтар (мәжіліс депутаты, ақын, айтыскер, ардагер ұстаз, ауған ардагері, ақсақалдар кеңесінің төрағасы және т.б)  шақырылған болатын. Сабақ барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қоры ұсынған «Өзгерістер қуаты», «Қазақстан патриоты» деректі фильмдері көрсетілді.

  Осы өткізілген сабақтардың мақсаты:Оқушыларды еліміздің  тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Патриоттық тәрбие беру, өз елін, Отанын сүюге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеу тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға үлес қосуға ат салысуымыз керектігін түсіндіру. Оқушыларға  Президентіміздің  өмір жолы мен еңбек  еңбек  жолында  атқарған келелі істерімен  таныстырылды. Елбасы  бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын тұлға  екендігі айтылып өтті.

 6 «Б» сыныбының тәрбие сағатына мектебіміздің ұлағатты ұстазы Г.Кеженовна қатысты. Сынып жетекшісі Б.Рахметолла.

   Сонымен қатар 5 «А» сыныбында «Менің тұңғыш Елбасым» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізіліп, Қарағанды облысы «Атамекен» ҰҚП-ның аймақтық Кеңес мүшесі,Жаңаарқа аудандық кәсіпкерлер қауымдастығының ҚБ төрайымы, Аудандық маслихат депутаты  Б.Бекежанова арнайы сабаққа

қатысты. Ұйымдастырған сынып жетекші Базылова А.Д.

    Президент күніне орай ұйымдастырылған осы іс-шаралар оқушыларды Отансүйгіштікке тәрбиелеуге маңызы зор болмақ.